Артроз (немесе остеоартроз, остеоартрит) – бұл буын ішіндегі шеміршектің бұзылуына алып келетін ауру. Бұл патология бүкіл әлемде кеңінен таралған, сонымен бірге жас өте келе артрозға шалдыққыштық ұлғайып келеді, және, нәтижесінде, ауру егде жастағы адамдар арасында жиі кездеседі.
Артроз адамды автоматты түрде қауіп тобына «орналастыратын» бірқатар белгілермен қатар жүреді.
Олардың ішінде:
Артық дене салмағы – артроздың дамуына бейім болатын өте жиі кездесетін құбылыс. Ауыр салмақтың әсерінен буындарға жүйелі түрде қысым түседі. Бұл буын сүйектерінің жанасатын беттерін жабатын шеміршектердің сарқылуына алып келеді. Нәтижесінде буын қозғалтқыштығын жоғалтады, және семіздікке шалдыққан көптеген адамдар өмірінің соңына дейін өз бетінше қозғалу қабілетін толық жоғалтқанға шейін айтарлықтай қиындықтарға тап болады.
Ескі жарақаттар мен жоғары дене жүктемелері - бұл осындай артроз сияқты патологияның тағы бір кең таралған себебі. Әсіресе бұл спортшылар мен ұзақ уақыт бойы күн сайын ауыр дене еңбегімен айналысатын адамдарға қатысты.
Эндокринді бұзылулар, микроэлементтердің жетіспеушілігі және климактериялық синдром аясында гормоналды теңгерімсіздік - мұның бәрі артроздың себебі бола отырып, сүйек және шеміршек тіндеріндегі метаболизмге теріс әсер етеді.
Буындағы қабыну/инфекциялық процесс немесе оның дамуының туа біткен бұзылуы да (дисплазия деп аталатын) оның құрылымының бұзылуына алып келеді.
Артрозға көп жағдайда қол-аяқ, омыртқаның мойын және бел бөлімдерінің, тізе және жамбас буындары шалдыққыш келеді. Сонымен бірге, функцияның бұзылуының ауырлығы бойынша ірі буындар – жамбас, тізе, табан және иық буындары көш бастайды.
Пайда болған артроздың алғашқы белгілері болып табылады:
Буындардың ауыруы. Артроздың дамуының бірінші кезеңінде ауырсыну күшті емес. Ол, әдетте, айқын дене жүктемелері кезінде пайда болады және демалу кезінде жылдам өтеді. Бұл пациенттердің дереу дәрігерге бармауының жамана себебі болып табылады. Аурудың күшейе түсу шамасына қарай аурырсыну дене жүктемесі болмаған кезде тыныштықта да пайда бола бастайды. Кей кезде ауырсыну соншалықты төзбейтіндей болуы мүмкін, сондықтан тіпті адам ұйықтай да алмайды.
Буындардың сықырлауы. Бұл жерде айта кету керек, артрозбен зақымданған буынның сықырлауын ештеңемен шатастыруға болмайды, ол құрғақ және дөрекі. Аурудың даму шамасына қарай сықырлау айқынырақ бола түседі. Бұл шеміршектің барынша көбірек тозуына байланысты, осының салдарынан буынның беттері бір біріне тікелей үйкеле бастайды.
Буындар қозғалғыштығының азаюы. Аурудың бастапқы кезеңінде бұл симптом айтарлықтай байқалмайды және, әдеттегідей, адамның «әрлі-берлі жүру» шамасына қарай жоғалады. Бірақ аурудың дамуымен бірге буын қозғалғыштығының айтарлықтай шектеуі орын алады – оның ықтимал қозғалысының амплитудасы минимумға дейін азаяды.
Буын деформациясы. Бұл артроздың асқынған кезеңінде орын алады, буын толығымен өзінің пішінін өзгертеді.
Артроз – бұл көптеген адамдар бірге өмір сүруге тура келетін ауру. Бірақ бұл ауру – үкім емес. Толыққанды өмір сүру үшін, бірқатар қиын емес ережелерді сақтау жеткілікті:
Әрине, диета. Бұл сізге өзіңізді қатаң шектеу керек дегенді білдірмейді. Бастапқыда артық тұзды алып тастау, жұғымдылығы жоғары тағамдарды тұтынуды азайту, қуырылған тағамдарға емес, қайнатылған тағамдарға артықшылық беру жеткілікті.
Жылырақ киініңіз. Бұл әсіресе ауа райы өте алдамшы болып келетін (күз, көктем) өліараға қатысты. Сіз үнемі қауіп тобына жататыныңызды есіңізден шығармаңыз. Сіздің буындарыңыз – ауа райының ауысуына, сіздің денсаулығыңыздың өзгеруіне бірінші болып жауап беретін индикатор. Дәл сондықтан өзіңізді тағы да қауіп-қатерге душар етпеңіз – кез келген өтпе жел сіздің хал-жағдайыңызға күшті әсер етуі мүмкін.
Қозғалыс – бұл өмір. Бірақ барлығы өз шегінде жақсы. Әсіресе артроз кезінде. Емдеуші дәрігер сізге буындардың қозғалғыштық белсенділігін қолдау үшін пайдалы және қажетті дене жаттығуларының кешенін құрастыруға көмектеседі. Әсіресе жүзу, спорттық жүріс, йога қолайлы келеді. Ауыр дене жүктемелері қарсы көрсетілген.
Дұрыс препараттар. Артроз кезіндегі симптомдарды болдырмау үшін дәрігерлер, диетадан және гимнастикадан басқа, қанға сіңбейтін, демек СЕҚҚҚ (стероидты емес қабынуға қарсы құралдардың) пероралды және инъекциялық нысандарына қарағанда жанама жүйелік әсерлері жоқ сыртқы ауырсынуды басатын препараттарды ұсынады.
Жоғарыда айтылғандардан адамның денсаулығы - оның қолында екені түсінікті. Дұрыс тамақтаныңыз, өз салмағыңызды бақылаңыз, белсенді өмір салтын ұстаныңыз. Артроздың белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралыңыз, себебі жай ғана белгілерін жойып қана қоймай, аурудың себебіне әсер ету маңызды болып табылады.
Буын ауруы шыдатпайтыны соншалық, жаттығуды дереу тоқтатқың келеді, өйткені кез-келген қозғалыс ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жүктеме тек ағзаға зиян тигізе
Арқа мен буын ауруы кезінде жақпамайды қалай дұрыс т...
Буындар мен арқадағы тұрақты ауырсынулар күнделікті өмірге өз түзетулерін енгізеді және, серуендеуден, саяжайға немесе табиғатқа барудан жақсы көңіл-күй ал
Буындардағы ауырсыну туралы қате түсініктерді сейілт...
Өкінішке орай, көптеген адамдар азапты буын ауыруларымен бетпе-бет келеді. Одан тезірек құтылғың келеді және ол қайтып оралмайтындай етіп жасағың келеді. С
Қарсы көрсетілімдері бар, маманның кеңесін алу қажет.