Мақалалар дегенге қайта келу

Күз басталып, буындар ауыра бастады ма? Оларға көмектесетін тәсіл бар 

Күз – бұл тек сары жапырақтардың түсуі, хошиісті глинтвейн және өнім жинау кезеңі ғана емес, сонымен бірге буындар ауруларының өршу кезеңі. Көптеген адамдар үшін осы жыл мезгілі тезірек шыдап, бастан өткізгісі келетін нағыз «ауыр өліараға» айналады.   

Мақалада буындар ауруларының өршуі неліктен дәл осы күзде пайда болатынын, және өзіңнің хал-жағдайыңды жеңілдету үшін және өмірге қуануды қайта бастау үшін не істеу керектігін айтамыз.   

Неліктен күзде буындар ауыруы мүмкін? 

Бұның бірнеше себептері бар, ең жиі кездесетіні - келесілер.  

Алғашқы суықтар, кейде температураның күрт өзгеруі пайда болады.  Бұрын зақымдалған буындар әсіресе суыққа, дәлірек айтқанда, салқындау кезінде қан айналымының бұзылуына сезімтал болып келеді. Қорытынды қарапайым – «мұздап қалған»  буындар жеткілікті қорек алмайды, үйкеліп, ауыра бастайды.   

Күзде белсенділік төмендейді. Келісіңіз: суық пен жаңбырдың келуімен біз аз серуендеп, спортпен аз айналысамыз. Мұндай ауа-райында қалайтын жалғыз нәрсе - үйде дәмді какао мен жақсы кітапты қолға алып, жылы көрпе астында жату. Осының салдарынан  буындар аз жұмыс істейді және «қызбайды», ал буын сұйықтығы буынды нашар майлайды. Бұл сонымен қатар қоректенудің бұзылуына және соның салдарынан ауырсынуға әкеледі. 

Жарақаттар қаупі туындайды. Бұл себеп күздің аяғында, алғашқы аяз басталғанда және бұрынғы шалшықтардың орнында сәтсіз құлап кету ықтималдылығы бар  мұз пайда болған кезде өзекті болады. Барлық көктайғақ жарақаттары – көгеруден сынықтарға дейін - болашақ буын проблемаларының қаупін арттырады.   

Буындарға қалай көмектесуге және ауырсынуды қалай жеңілдетуге болады? 

Ауа-райына сәйкес киіну. Жылы және құрғақ жаздан кейін ауа-райының өзгеруіне қайта ауысу қиын болуы мүмкін, сондықтан біз кейде жылы киінуді ұмытып кетеміз. Бұл өз кезегінде салқындап қалуға және суық тиюге ғана емес, сонымен қатар буындардағы ыңғайсыздыққа әкелуі мүмкін. Сыртта жылы шалбар, күртке немесе пальто, шұлық пен бәтеңке көмектеседі. Егер үйде немесе кеңседе суық болса, шәлі жамылуға болады. 

Жарақаттарға жол бермей. Егер көшеде аяз болып тұрса, тұрақты табаны бар аяқкиім кию керек. Көшеде асықпай, тізені бүгіп, тайғанақ жерлерді айналып өтіп, жүру керек.   

Буындарды жаттықтыру. Кәсіби спортпен шұғылдану міндетті емес - сіздің буындарыңызға жаяу серуендеу, кішкене дене шынықтыру немесе йога жаттығулары  жеткілікті. Мүмкіндігінше, сондай-ақ бір қалыпта ұзақ отырмауға тырысыңыз – егер сізде отырықшы жұмыс болса, үзілістер жасаңыз және қысқа дене шынықтыру минуттарын өткізіңіз. 

Дұрыс тамақтану. Буындар, бүкіл ағза сияқты, пайдалы және теңдестірілген тағам мөлшерін қажет етеді. Бірінші кезекте өнімдердегі ақуыздың мөлшерін бақылау керек – оның құрамында коллаген бар, бұл шеміршек, сүйек, сіңір және дәнекер тіннің басқа элементтерінің негізі. Буындар үшін тағы бір маңызды материал – бұл сүт өнімдерінде, жаңғақтарда, кептірілген жемістерде, жасыл көкөністерде көп болатын кальций. Ал балық пен өсімдік майларындағы омега-3 май қышқылдары қабынуды, соның ішінде буын сөмкесіндегі қабынуды азайтуы мүмкін.  

Арнайы жақпамай жағу. Бұған Випросал В® жатады. Бұл препараттың құрамында бірнеше табиғи шыққан бірнеше белсенді компоненттер бар: 

  • жыланның уы (салицил қышқылымен қатар) қабынуды азайтады және ауырсынуды жеңілдетеді; 
  • камфора және скипидар шайыры қан айналымын ынталандырады және тіндердің қоректенуін жақсартады. 

Өзінің әрекет етуші заттарының арқасында Випросал в® буындарда ғана емес, сонымен бірге бұлшықеттерде, атап айтқанда арқа мен мойында ұзаққа созылатын және ауыратын ауырсынуларға жарамды. Препаратты күніне небары 1-2 рет жағу керек. Ол тез сіңеді және киімде іздер қалдырмайды.   

Бірінші қолданғаннан кейін бір аптадан кейін жақпамай «қозғалыстағы» ауырсынуды азайтуға ықпал ете алады.  

Қарсы көрсетілімдері бар, маманның кеңесін алу қажет.