Мақалалар дегенге қайта келу

Бұлшықет, тізе немесе арқадағы ауырсынуымен қалай күресуге болады? Біз СЕҚҚҚ және балама препараттар туралы айтып береміз 

Арқадағы ауырсыну, тізедегі сырқыраған жайсыздық - бұл миллиондаған адамдар үшін әдеттегі жағдай. Көбінесе бұл әдеттегі өмір салтына жиі түзетулер енгізеді – дүкенге бе бара алмайсыз, баспалдақпен де көтеріле алмайсыз, тіпті спортпен шұғылдану туралы айтпағанда.   

Осынлай түрдегі аурулар кезінде арнайы жақпамайлар жиі қолданылады – СЕҚҚҚ. Осы мақалада «сұрақ-жауап» форматында олар қалай жұмыс істейтіні және егер бұлар сәйкес келмесе, бұл препараттарды немен ауыстыруға болатыны туралы айтамыз. 

Бұл не? 

СЕҚҚҚ (стероидты емес қабынуға қарсы құралдар) – бұл бірден үш: ауырсынуды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы әсер көрсететін препараттар тобы. Осынысымен де СЕҚҚҚ қабынуға қарсы әсері жоқ әдеттегі анальгетиктерден ерекшеленеді.   

Бұл топқа бірден әртүрлі әрекет етуші заттары бар бірнеше препарат кіреді, олардың ішінде, мысалы  

  • ацетилсалицил қышқылы (барлығына белгілі аспирин); 
  • кетопрофен, ибупрофен және диклофенак; 
  • мелоксикам, нимесулид және целекоксиб. 

СЕҚҚҚ-да әрекет ету принципі қандай? 

СЕҚҚҚ түрлері көп болғанына қарамастан, олардың барлығын әсер ету механизмі  біріктіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл препараттар организмдегі ферментативті реакциялардың ағымын баяулатады, олар әртүрлі заттарды, соның ішінде қабыну медиаторларын өндіруге жауап береді. 

Қандай жағдайда қолдануға болады? 

Жалпы СЕҚҚҚ жоғамы температура, бас ауруы немесе мигрень кезінде тағайындайды – өзінің әсерінің арқасында олар осы симптомдармен күресуге қабілетті.   

Сонымен бірге әрине олар буындар мен арқадағы қолайсыздықтар кезінде, бұлшықеттердің көгеруі немесе созылуы кезінде де көмектеседі. Алайда мұндай жағдайларда СЕҚҚҚ таблеткалар түрінде ғана емес, сондай-ақ жақпамай түрінде де қолдануға болады.    

Бұл ретте ішке қабылданатын препараттардан – оларды жүйелік СЕҚҚҚ деп те атайды – АІЖ және жүрек-тамыр жүйесі тарапынан, бүйрек және бауыр тарапынан әртүрлі проблемалар туындауы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Жақпамайлар сыртқа қолдану кезінде жағымсыз әсерлері аз, бірақ жанама әсерлері де жоқ емес.    

СЕҚҚҚ басқа арқадағы және буындардағы аурулар кезінде нені қолдануға болады? 

Егер сіз ағзаның мүмкін болатын жағымсыз реакцияларын азайтқыңыз келмесе, онда СЕҚҚҚ  табиғи аналогтары бар жақпамайға тоқтауға болады. Олар препараттағы синтетикалық компоненттердің үлесін және сәйкесінше олардың жағымсыз жанама әсерлерін азайтуға мүмкіндік береді. 

Мұндай жақпамайларға Випросал В® препараты жатады. Оның құрамында табиғи  шыққан бірнеше белсенді компоненттер бар: 

  • жыланның уы (салицил қышқылымен бірге) қабынуды азайтады және ауруды жеңілдетеді; 
  • камфора және скипидар шайыры қан айналымын күшейтеді және жасушалардың қоректенуін жақсартады.  

Осының арқасында Випросал В® буындардағы ғана емес, сонымен қатар бұлшықеттердегі де, арқадағы да ұзаққа созылған және сыздайтын ауырсынуларға жарамды. Препаратты күніне небары 1-2 рет жағу керек. Ол тез сіңеді, сондықтан ұзақ күтудің және киім ластанады деп уайымдаудың қажеті жоқ.   

Ал бірінші қолданғаннан кейін жақпамай «қозғалыстағы» ауырсынуды азайтуға, сондай-ақ жүйелік әсер ететін ауырсынуға арналған препараттардың (мысалы, парацетамол және анальгин) дозасын азайтуға, емдеу шығындарын және жағымсыз әсерлердің қаупін азайтуға ықпал етуі мүмкін.   

Қарсы көрсетілімдері бар, маманның кеңесін алу қажет.