Мақалалар дегенге қайта келу

Сыртқы препаратты қалай дұрыс таңдауға болады

Буындар мен арқадағы тұрақты ауырсынулар күнделікті өмірге түзетулер енгізеді және, серуендеуден, саяжайға немесе табиғатқа барудан алатын жақсы көңіл-күйдің орнына, сіз тек бөгеліп қалу мен тітіркенуді сезінесіз. Бұл жағдайда ауырсынуды басатын жақпамай көмектесе алады, бірақ оны саналуан дәрі-дәрмектердің ішінен қалай  дұрыс таңдауға болады? 

Шын мәнінде, «дәл сол» құралды табуға көмектесетін үш негізгі сәт бар.

Құрамына қарау

Бұл маңызды шарт – құрамына байланысты жақпамайдың екі түрі бар:

  • СЕҚҚҚ (немесе стероидты емес қабынуға қарсы құралдар) негізінде – оларға диклофенак, ибупрофен, кетопрофен және басқа  да белсенді заттар жатады. Мұндай жақпамайлар айтарлықтай тиімді, және,  ішке қабылдауға арналған СЕҚҚҚ препараттарға қарағанда, олар  асқазан мен ішекке айтарлықтай аз теріс әсер етеді, бірақ сонымен бірге сонда да жанама әсерлері бар.    
  • Препараттағы синтетикалық құрамдас бөліктердің үлесін азайтуға мүмкіндік беретін СЕҚҚҚ табиғи аналогтарының негізінде және, сәйкесінше, олардың жағымсыз жанама әсерлері. Бұл жерде мұндай препарат дәрілік препарат ретінде тіркелуі тиіс екенін айта кету керек, бұл   оның тиімділігін растайтын зерттеклердің болуын көрсетеді.   

Қасиеттерін анықтау

Буындар мен арқадағы ауырсынуды жеңілдетуне арналған бірнеше жақпамайлар түрлері бар, олар өз әрекеттерімен ерекшеленеді:

  • Ауырсынуды басатын – олар ауырсыну көзіне әсер етеді, бұл ретте ауыруды сезінуді тоқтатады;
  • Қыздыратын – құрамында терінің сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіретін, жергілікті қан ағымын ынталандыратын заттар бар, осылайша тіндердің трофикаларының жақсаруына ықпал етеді;
  • Салқындататын – құрамында ментол бар, көбінесе олар гельдік негізде болады және «алаңдататын» әсерді иеленеді.

Жақпамайдың екі есе әсері болса, жақсы (анальгетикалық + қыздыратын / салқындататын) - осылай препарат тиімдірек болады, демек ауырсыну тезірек кетуі ықтимал. 

Мысалы, көп компонентті препаратта скипидар мен камфора жергілікті-тітіркендіргіш әсерінің арқасында қан айналымын жақсартады және тіндердің қоректенуін жақсартады, ал жыланның уы салицил қышқылының әсерін толықтыратын қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсерді иеленеді. 

Өз сезімдеріне арқа сүйеу

Егер препарат айтарлықтай ұзақ қолданылса, бірақ сонымен бірге көмектеспесе, одан бас тарту керек және дәрігерге қаралу керек – ол сәйкес келетін емдеуді таңдай алады. 

Сонымен қатар, сыртқа қолдануға арналған препарат қолайсыздық тудырмауы тиіс – мысалы, күніне үш реттен көп қолданылатын құралдар бар, немесе олар ұзақ уақыт кебеді немесе киімді ластайды. Күніне 1-2 рет қолданылатын және тез сіңетін, яғни өнімнің кебуін күтуді қажеті етпейтін препараттарды таңдаңыз. Егер препарат көмектеспесе немесе өздігінен таңдалған препаратта күмән пайда болса, кешіктірмеңіз, дәрігерге хабарласыңыз. 

Қарсы көрсетілімдері бар, маманның кеңесін алу қажет.