Буын ауруы спортпен үйлесімді ме?
Буын ауруы шыдатпайтыны соншалық, жаттығуды дереу тоқтатқың келеді, өйткені кез-келген қозғалыс ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жүктеме тек ағзаға зиян тигізе
Арқадағы және буындардағы ауырсынумен үнемі күресуге мәжбүр болған адамдар біледі: бұл жағымсыз белгілерге арнайы қабынуға қарсы жақпамайлар, таблеткалар немесе инъекция көмектесе алады. Оларға парацетамол, диклофенак және ибупрофен сияқты стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) жатады.
Оларды қолданғаннан кейін әсер бар, бірақ көбінесе біз қалағандай тез және маңызды емес. Екінші рет СЕҚҚП тағайындаудың мағынасы жоқ, тіпті қауіпті - содан кейін дәрігер біріншісін толықтыратын басқа әсері бар препаратты тағайындай алады. Бұл буындар мен арқадағы ауырсынуға қарсы Випросал В® жақпамайы болуы мүмкін. Оның қалай жұмыс істейтінін білу үшін мақаланы оқыңыз.
Құрамындағы 4 белсенді компонент
Ең негізгі компонент – кәдімгі жыланның уы. Өзінің әрекеті арқылы ол ауырсынуды жеңілдетеді және қабынуды азайтады. Сонымен қатар жыланның уының құрамында бірегей биологиялық-белсенді заттар (фосфолипаза, гиалуронидаза) бар, олар буындардың қызметін жақсартады, демек олар барынша қозғалғыш келеді.
Одан басқа, Випросал В® жақпамайының құрамында тағы 3 белсенді компонент – камфора, скипидар шайыры, салицил қышқылы бар. Жыланның уымен қатар, олар айқын ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсерді қамтамасыз етеді, осылайша бір-бірінің әсерін күшейтеді. Сонымен, скипидар мен камфора қан айналымын және тіндердің қоректенуін жақсартады, ал жыланның уы мен салицил қышқылы қабынуды азайтады және ауырсынуды жеңілдетеді.
Випросал В® қандай жағдайларда қолдануға болады?
Жақпамай буындардағы - тізедегі, шынтақтағы, иықтағы, аяқтағы және т.б.созылмалы ауырсыну мен қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Ол сондай-ақ созылмалы арқа ауруы - спондилоартрит және спондилез үшін де тағайындалады.
Жақпамайды қалай қолдану керек?
Випросал В® жақпамайын жұқа қабатпен күніне 1-2 рет қолдану керек. Өзінің дәрілік түрі – гидрофильді эмульсияның арқасында – ол тез сіңеді, және киімде ізі қалмайды және терінің тыныс алуына мүмкіндік береді.
Алғашқы қолданғаннан кейін бір аптадан кейін жақпамай «қозғалу кезіндегі» ауырсынуды азайтуға және жүйелік әсер ететін аурсынуға қолданылатын СЕҚҚП дозасын төмендетуге ықпал ете алады. Бұл емдеуге жұмсалатын шығынды және жағымсыз әсерлердің тәуекелін қысқартуға мүмкіндік береді.