Буын ауруы спортпен үйлесімді ме?
Буын ауруы шыдатпайтыны соншалық, жаттығуды дереу тоқтатқың келеді, өйткені кез-келген қозғалыс ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жүктеме тек ағзаға зиян тигізе
Бір қарағанда жаз – ең тамаша маусым: далада жылы және күн шуақты, демек, серуендеуге және суық тиіп қалудан қорықпауға болады. Бірақ жылдың осы маусымында денсаулықтың басқа да проблемалары пайда болуы мүмкін, мысалы буындардағы жайсыздық. Нәтижесінде ешқандай серуендеу туралы ойлағың да келмейді – тек ауырсынуды басуды ғана ойлайсың.
Буындарға зиян келтірмеу үшін, олардың негізгі жаз маусымындағы жауларын есте ұстаған жөн. Оларды осы мақалада жинастырдық – ал соңында серуендеуге және аурсынусыз белсенді демалысқа қалай қайтадан күш табуға айтатын боламыз.
1. Саяжайдағы жұмыс
Жаздың ортасында бау-бақша істері қызу жүретін мезгіл - арамшөптерден тазалау керек, алғашқы өнімді де жинау керек, және өсімдіктерді қоректендіру керек. Белсенді жұмыс барысында буындарға шамадан тыс күш түсірілгенін жеңіл жіберіп алуға болады. Нәтижесінде – ұзақ уақыт жүресінен отырудың салдарынан тізе ауруы мүмкін, ал егер өнім салынған жәшікті дұрыс көтермесе, арқаға зиян келтіруге болады.
Сондықтан саяжайда жұмысты бастамас бұрын дененің құрысын жазу қажет – бұл буындар мен бұлшықеттерді жүктемелерге дайындауға көмектеседі. Сонымен бірге жоқ дегенде әрбір сағат сайын міндетті түрде үзіліс жасап, күніне 4-5 сағаттан артық жұмыс істемеу қажет.
2. Бір қалыпта ұзақ отыру
Жаз – демалыстардың және автомобильмен, пойызбен немесе ұшақпен ұзақ саяхаттар кезі. Кей кезде көп уақытты бір қалыпта – бүгілген тізелермен және арқаның бұралуымен өткізуге тура келеді. Ұзақ сапарлардан кейін бұлшықеттердің ісінетіні, буындарда жайсыздықтың пайда болатыны, ал созылуға тырысқан кезде, олардың сены тыңдамайтыны таңқаларлық жағдай емес.
Бұған жол бермеу үшін, көбірек қозғалу керек. Мысалы, ұшақта және пойызда тұрып, құрыс-тырысты жазып, аздап жүруге болады. Машинада бұл қиынырақ: кем дегенде жүргізуші де, жолаушылар да орындықты дұрыс – тізеге де, арқаға да жайлы болатындай етіп орналастыруы керек. Және мүмкіндігіне қарай кем дегенде 4 сағат сайын тоқтап отыру керек – үзіліс кезінде кішігірім жаттығу жасауға болады.
3. Серуендеу және белсенді өмір салты
Бұның алдындағыға кері жағдай: келісіңіз, жаз мезгілінде күзде және қыста айналыса алмаған барлық белсенділіктің есесін қайтарғың келеді. Ұзақ уақыт серуендеу, велосипед тебу және роликпен жүру, ашық аспан астында жүгіру – мұның бәрі бір жағынан денсаулыққа пайдалы, бірақ екінші жағынан буындардың ауырсынуына әкелуі мүмкін. Әрине – егер бұның алдындағы 2-3 айдың ішінде жалғыз жүктеме дүкенге барып, қайту болса, енді ағзаға барынша белсенді өмір салтын жүргізуге тура келеді.
Дайындалмаған буындарға ауыр соғады, микрожарақаттар пайда болуы мүмкін, соның салдарынан буынішілік шеміршек уақыт өте келе жарықшақтанып, жұқара бастайды.
Мұнда кеңес қарапайым: бәрі жақсы, бірақ шектен шықпау керек. Егер сіз бұған дейін спортпен мүлдем шұғылданбаған болсаңыз, қаланың айналасында 20 шақырымдық жорық жасаудың қажеті жоқ. Жүктемені біртіндеп енгізіңіз және міндетті түрде бұның алдында дененің құрысын жазыңыз.
4. Кондиционер астында аса салқындау
Кондиционер – бұл онсыз ыстық күнді елестету мүмкін емес техника. Бірақ ол +30°С ыстықта жеңілдену әкеліп қана қоймай, сонымен қатар зиян тигізуі де мүмкін. Суық ауа ағынының астында жоқ дегенде 10-20 минут отырсаңыз болды, міне сізді «жел ұстап қалады» - мойныңыз бен арқаңыз ауырады, буындарыңыз сырқырайды.
Бірақ кондиционердің өзі буындарға зиян тигізбейді. Әлсіреген немесе зақымдалған буындар ауыра бастайды – олар әсіресе суыққа, анығырақ айтқанда, температураның жергілікті төмендеуіне байланысты қан айналымының бұзылуына сезімтал бола түседі. Сондықтан кондиционерге қарама-қарсы отыруға болмайды – ең суық ауа тап сол құрылғыдан 2-3 метрде болып табылады.
5. Ыңғайсыз аяқкиім кию
Күн жылы бастағаннан бастап ауыр бәтеңкелерді тезірек шешіп, жеңіл туфлилер, босоножкалар, кроссовкилер және кеды кигің келеді. Бірақ дұрыс таңдалмаған аяқкиім тізе, тобық және саусақтардың проблемаларына әкелуі мүмкін.
Жаяу жүру кезінде негізгі жүктеме табанға түседі, содан кейін екпінді толқын тізе буындары мен омыртқаларға көтеріледі. Нашар және тұрақсыз аяқкиім осы екпіндерді жұмсартпайды, керісінше – тек аяқтарға ауырлық түсіреді. Биік өкшемен жүрудің салдарынан жамбас алға шығады да, бел қатты бүгіледі – бұл остеохондрозға және арқадағы ауырсынуларға әкелуі мүмкін.
Буындарға қалай көмектесуге болады?
Ең бастысы – өзін-өзі емдеумен айналысудың қажеті жоқ. Бұл ауырсынулар аурудың белгілері болуы мүмкін, оны тек дәрігер ғана дер кезінде анықтай алады. Ал буындарға көмектесу үшін ол симптомдарды жеңілдете алатын арнайы жақпамай жазып бере алады, мысалы, Випросал В®. Бұл препараттың құрамында табиғи шыққан бірнеше белсенді құрамдас бөліктер бар:
Өзінің әсер етуші заттарының арқасында Випросал В® буындарда ғана емес, сонымен қатар бұлшықеттерде, соның ішінде арқа мен мойында ұзаққа созылған және сыздатып ауыртатын ауырсынуларға да жарамды. Препаратты күніне небары 1-2 рет жағу керек. Ол тез сіңеді және киімде іздер қалдырмайды.