Мақалалар дегенге қайта келу

Буындар туралы сенуге болмайтын 4 миф 

Буындардың ауырсынуы және жайсыздық – бұл айтарлықтай жиі кездесетін мәселе. ДДҰ мәліметтері бойынша, буын аурулары қан айналымы мен ас  қорыту проблемаларынан кейін таралуы жағынан үшінші орын алады. 

Бірақ осыған қарамастан, буындардағы проблемалардың айналасында өте көптеген мифтар бар. Оларды толығырақ талдайық. 

№1 миф. Буындар егде жастағы адамдарда ғана ауырады 

Жас ұлғайған сайын шынымен де буындар нашар жұмыс істейді – егде жастағы адамдар әрең отырып, әрең тізелерін бүгеді және еңкеюлері де қиын.  Бұған буындарды қалыптастыратын сүйекті жауып тұратын шеміршек тінінің тозуы кінәлі.   

Бірақ бұл буындардағы проблемалар – 60-тан асқан адамдардың ғана еншісі екендігін білдірмейді. Тәуекел аймағында жас адамдар, әсіресе, өз буындарына шамадан тыс салмақ түсіретін, мысалы, спортпен шұғылданатын, көп уақытын отырып немесе тұрып өткізетін, артық салмағы бар адамдар да болуы мүмкін.    

№2 миф. Буындардағы ауырсыну «тұздардың жиналуы» салдарынан басталады 

Буындардағы тұздардың жинақталуы ретінде рентгенмен түсірілген суреттерде қабылданатын нәрсе остеофиттер немесе сүйек өсінділері деп аталады. Олар ауыр жүктемелер кезінде пайда болады – буын шеміршегі қатты тозады, ағза оның орнын толтыруға тырысады және буындар арасындағы үйкеліс ерекше күшті жерлерде сүйек тінен «өсіре» бастайды.      

Көп жағдайда остеофиттер қозғалғыштықтың жоғалуымен, ауырсынумен және жайсыздықпен қатар жүреді, бірақ симптомсыз остеофиттер де кездеседі, олар туралы пациенттер рентгенологиялық зерттеулерге дейін тіпті білмеуі де мүмкін.   

№3 миф. Буындардағы аурулар – бұл жарақаттардың салдары 

Бұның аздап дұрыстығы да бар, әсіресе спортшыларға қатысты. Тұрақты жүктемелердің, күш түсірудің, құлаудың және соғылудың салдарынан буындардың бетін жауып тұратын шеміршек тозады және жұқара түседі. Нәтижесінде артроз– буындардағы дегенеративтік-дистрофиялық өзгерістермен байланысты ауру  пайда болады.    

Алайда жарақаттар – буын ауруларының жалғыз себебі ғана емес. Буынның қабынуы (артрит) инфекцияның түсуі, зат алмасуының бұзылуы (подагра кезіндегі сияқты), аутоиммундық аурулардың (ревматоидты артрит кезіндегі сияқты) және басқа да бірқатар себептердің салдарынан пайда болуы мүмкін.    

№4 миф. Егер буындар қытырласа, бұл жаман 

Қытырлаудың себебі дәнекер тіннің туа біткен ерекшеліктері де (қалыпты нұсқа), сол сияқты шеміршектердің қабынуы және бұзылуы да болуы мүмкін. Айырмашылығы «залалы жоқ қытыр» буынның бір бүгілуінен кейін естіліп, ал екінші ретінде естілмейтінінде. Ал егер қытыр әр қозғалыс кезінде пайда болса, және оған қоса ауырсыну пайда болса, онда міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек.    

№5 миф. Дұрыс диета ауырсынудан арылтады 

Артритті немесе артрозды емдейтін ешқандай арнайы тағам мөлшері жоқ. Бірақ ағзаға (демек шеміршектерге де, буындарға да) сау болуға көмектесетін дұрыс тамақтану принциптері бар. Кем дегенде, ас мәзірі теңдестірілген болуы тиіс – ақуызардың, майлардың, көмірсулардың, минералдар мен дәрумендердің оңтайлы құрамы болуы тиіс.  

Керісінше, фаст-фуд, тәтті және майлы тағамдар сияқты зиянды тағамдар артық салмаққа әкелуі мүмкін, ал бұл, өз кезегінде, буындарға, әсіресе аяқтарға шамадан тыс жүктеме түсіретін болады.  

Сіздің буындарыңызға тағы не көмектесе алады? 

Бірінші кезекте, дер кезінде дәрігерге қаралу. Егер оны буындар бұзыла бастағанға дейін қалдыратын болса, оларға көмектесу өте қиын болады. Сондай-ақ алдын алу шараларын да естен шығармаған жөн. Атап айтқанда, көбірек серуендеуге, йогамен және созылумен айналысуға болады; шеткілікті мөлшерде су ішу; зиянды әдеттерден бас тарту.  

Буындардағы жағымсыз сезімдерден арылу үшін, арнайы жақпамайды жағуға болады, мысалы, Випросал В®. Оның құрамында бірін бірі толықтыратын бірден бірнеше белсенді табиғи құрамдас бөліктер бар: 

  • скипидар және камфора, қылқан жапыратықты ағаштардың шайырынан алынады, қан айналымын және тіндердің қоректенуін жақсартады; 
  • жыланның уы қабынуды азайтады, ауырсынуды жеңілдетеді және буындардың қозғалғыштығын жақсартады. 

Ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсер құрамына кіретін салицил қышқылымен де күшейтіледі.   

Өзінің әсер етуші заттарының арқасында Випросал В® буындарда ғана емес, сонымен қатар бұлшықеттерде, соның ішінде арқа мен мойында ұзаққа созылған және сыздатып ауыртатын ауырсынуларға да жарамды. Препаратты күніне небары 1-2 рет жағу керек. Ол тез сіңеді және киімде іздер қалдырмайды.   

Қарсы көрсетілімдері бар, маманның кеңесін алу қажет.