Буын ауруы спортпен үйлесімді ме?
Буын ауруы шыдатпайтыны соншалық, жаттығуды дереу тоқтатқың келеді, өйткені кез-келген қозғалыс ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жүктеме тек ағзаға зиян тигізе
Тізедегі, шынтақтағы, білектегі немесе басқа буындардағы ауырсыну – кез келген жаста кездесетін және әдеттегі өмір салтына түзетулер енгізе алатын проблемалар. Ұзақ серуендеудің орнына сіздің үйде отыруыңызға тура келеді, ал жақсы көңіл күйдің орнына тек жайсыздық пен тітіркену ғана аласыз.
Кейде адамдар жағдайды өзгерту қиын болған кезде өз денсаулығы туралы тым кеш ойлайды. Бірақ емделуден гөрі оның алдын алумен айналысқан жақсы. Сондықтан біз буындардың аурығанын күтпестен, олардың жастығын сақтауға көмектесетін 4 әдісті топтастырдық.
№1 тәсіл. Йога және созылу
Буындарда жайсыздықтың пайда болу себептерінің бірі, - бұл отырықшы өмір салты. Егер сіз ұзақ уақыт бойы бір қалыпта болсаңыз – бұлшықеттер мен буындар әрекет етпеген кезде, олар қоректік заттар мен оттегін қажетті мөлшерде алмайды.
Мұндай жағдайда өзіңіздің күн тәртібіңізге кез келген белсенділікті қосу маңызды болып табылады. Бұл жерде ең бастысы тым артық кетпеу: егер сіз бұған дейін дене шынықтырумен аса айналыспаған болсаңыз, марафондарды жүгірудің немесе ауыр гантельдерге назар аударудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, спорттың бұл түрлері буындардың жарақаттануына әкелуі мүмкін.
Ең оңайы созылудан – мысалы, йогадан, пилатестен, стретчингтен бастау керек. Тұрақты жаттығулар (жоқ дегенде аптасына 3 рет) денені барынша икемді етеді, бұлшықеттердің икемділігін арттырады, буындардың қоректенуін және қозғалғыштығын арттырады, соның арқасында қан айналымы жақсарады.
Егер ауа райы мүмкіндік берсе, таза ауада жаттығуға болады – осылайша ағзаға оттегі көбірек түседі. Сонымен бірге мұндай жаттығулар күні бойы жақсы көңіл-күй сыйлайды.
№2 тәсіл. Дұрыс тамақтану
Буындар пайдалы және теңдестірілген тамақтануды қажет етеді. Бұл жерде денеге тағамнан келетін және буындарды тамақтандыратын нутриенттер ғана маңызды емес. Пайдалы диета семіздіктің алдын алады - қосымша килограммдар тірек-қимыл аппаратына қосымша жүктеме туғызады және оның тозуын тездетеді.
Міне буындарды нығайтуға және олардың денсаулығын сақтауға арналған бірнеше тамақтану кеңестері.
Фаст-фуд, майлы және ащы тағамдар, тәттілер мен ұн өнімдері буындарға зиян келтіреді – олар сұйықтықтың шығуын кідіртеді және ағзаны көмірсулармен шамадан тыс жүктейді.
№3 тәсіл. Уқалау
Көптеген адамдар уқалау бұлшықеттерді уқалап жұмсарту және лимфаны тарқату үшін қажет деп ойлайды, бірақ олай емес – бұл буындарға да әсер етеді. Уқалаудың әсерінен жұмсақ тіндерде де, буындарда да қанмен қамтамасыз ету күшейеді, олардың қоректенуі мен қозғалғыштығы жақсарады, ширығуы азаяды және шаршау сезімі төмендейді.
Уқалауды маманның жасағаны маңызды - әйтпесе өзіңізге және буындарыңызға зиян келтіру қаупі бар.
№4 тәсіл. Ыңғайлы аяқкиім
Табан – бұл бүкіл тірек-қимыл аппаратының негізі. Сондықтан дұрыс және ыңғайлы аяқкиімді таңдау өте маңызды. Қатты табаны бар кроссовкалар, өкшелі аяқ киім, тар етік - мұның бәрі аяқтың деформациясына әкелуі мүмкін. Осының салдарынан кейіннен саусақтардың, тобықтың, тізенің, жамбас буынының және тіпті омыртқаның функцияларының бұзылуы басталуы мүмкін.
Аяқкиім ұзақ уақыт қуантып, буындар үшін пайдалы болуы үшін, ол аяққа тығыз жабысып тұруы қажет, бірақ сонымен бірге қыспауы тиіс. Тым тар модельдер қан айналымын нашарлатады, ал тым бос аяқкиімдерде буындарға үнемі салмақ түсетін болады.
Сонымен қатар табанының жұмсақ және икемді болғаны да маңызды. Өйткені жүру барысында негізгі жүктеме табанға түседі, содан кейін соғу толқыны тізе буындарына және омыртқаға көтеріледі. Дұрыс табан осы «соққыларды» баяулататын болады.
Дұрыс аяқ киімнің кішкентай, қалың өкшесі болуы керек - максимум 2-4 см. Тым жоғары "тік өкшелері" бар модельдердің тұрақтылығы төмен: олар аяқтың алдыңғы бөлігіне көп күш түсіреді және жарақатқа әкелуі мүмкін.
Егер буындарда ауырсыну пайда болса, не істек керек?
Бірінші кезекте – дәрігерге бару. Буындардағы ауырсыну жасқа байланысты құбылыс, сонымен бірге қандай да бір жарақаттың немесе аурудың салдары болуы мүмкін. Егер сіз маманға баруды буындар бұзыла бастағанға дейін кешіктірсеңіз, кейін оларға көмектесу өте қиын болады.
Ал буындардағы жағымсыз сезімдерді жеңілдету үшін, арнайы жақпамайды жағуға болады, мысалы, Випросал В®. Оның құрамында бірін-бірі толықтыратын және буындарға көмектесуге бағытталған бірнеше белсенді табиғи компоненттер бар:
Ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсер құрамына кіретін салицил қышқылымен де күшейтіледі.
Өзінің белсенді заттарының арқасында Випросал В® буындардағы ғана емес, сонымен қатар бұлшықеттердегі, соның ішінде арқа мен мойындағы ұзаққа созылған және сыздататын ауырсынуларға да жарамды. Бірінші қолданғаннан кейін бір аптадан кейін жақпамай «қозғалыстағы» ауырсынуды азайтуға көмектеседі.