Мақалалар дегенге қайта келу

Випросал В® жақпамайының буындар мен арқадағы ауырсынуды басу үшін жұмыс істейтін 4 компоненті

Арқа ауырып, буындар сырқыраған кезде, жағымды нәрсе аз – спортпен шұғылданғың келеді, табиғатқа барып немесе саябақта серуендегің келеді, алайда жайсыздықпен, қозғала алмаушылықпен және тітіркенумен бірге үйде отыруға тура келеді. 

Мұндай жағдайда ауырсынуды басатын жақпамай көмектесе алады – құрамына байланысты екі түрі бар: синтетикалық стероидты емес қабынуға қарсы заттар (СҚҚЗ), олардың ішінде диклофенак және ибупрофен, және олардың табиғи аналогтары негізінде. Соңғысына  Випросал В® жақпамайы жатады – бұл жерде бір-бірінің әсерін толықтырып, күшейтетін 4 белсенді компонент бар. Мақалада бұл қандай компоненттер екенін және олар арқа мен буындардағы ауырсыну мен қабынуды басуға қалай ықпал ететінін талдаймыз.  

Жыланның уы

Випросал В® жақпамайының құрамында қалай жұмыс істейді: ауырсынуды жеңілдетеді, қабынуды азайтады, буынның қызметін жақсартады.

Жыланның уы аң аулау және өзін-өзі қорғау кезінде бауырмен жорғалаушылардың сілекей бездерінде өндіріледі. Бірақ  медицинада ол ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек ретінде қолданылады – удың арнайы заты жүйке жасушаларын бұғаттайды және ауырсыну импульсының таралуына жол бермейді. 

Сондай-ақ жылан уының құрамында бірегей биологиялық-белсенді заттар бар:

  • протеазалар терінің өткізгіштігін арттырады – осының арқасында жақпамайдың қалған компоненттері қабыну ошағына терең ене алады;
  • гиалуронидаза қатқыл тыртықты дәнекер тіннің қайтуына ықпал етеді және майлаушы және сырғушы қасиетін жақсартады – демек, буындар барынша қозғалғыш бола түседі.

Скипидар сағызы

Випросал В® жақпамайының құрамында қалай жұмыс істейді:  ауырсынуды жеңілдетеді, қан айналымын жақсартады, жақпамайға жағымды қылқан жапырақтың иісін береді.

Скипидар – бұл қылқан жапырақты ағаштарды (мысалы, қарағайды, шыршаны, сағызқарағайды және аршаны) қыздыру нәтижесінде алынатын эфир майы. Бұл заттың негізгі ерекшелігі – жергілікті тітіркендіргіш әсер: теріге тиген кезде скипидар тіндердегі тамырларды кеңейтеді, ісінудің азаюына ықпал етеді және ауырсынуды әлсіретеді.

Камфора

Випросал В® жақпамайының құрамында қалай жұмыс істейді: ауырсынуды жеңілдетеді, қан айналысын жақсартады

Камфора ағаштан, камфора даршынының тамырлары мен өсінділерінен алынады. Бұл зат аз концентрацияда тері рецепторларына әсер етеді және жергілікті тітіркендіргіш және жеңіл аурсынуды басатын құрал ретінде әрекет етеді. Осының арқасында сондай-ақ буындар тіндерінің қоректенуі де жақсарады.

Салицил қышқылы

Випросал В® жақпамайының құрамында қалай жұмыс істейді: ауырсынуды жеңілдетеді, қабынуды азайтады.

Бұл компонент аспиринмен (ацетилсалицил қышқылы) бірдей заттар сыныбына жатады – мұнда да ыстық қайтаратын және қабынуға қарсы қасиеттерді иеленетін салицилаттар бар.   

Алайда түбегейлі ерекшелігі бар: салицил қышқылын сыртқа ғана қолдануға болады. Ол қабынуға қарсы әсерге көрсетеді, біруақытта терінің терең қабаттарына, тері астындағы тіндерге және буындардың айналасындағы тіндерге  өзінің енуіне және жақпамайдың басқа да компоненттерінің енуіне ықпал ете отырып, қабыршақтандыратын әсері бар (бұл тері ауруларын емдеуде қолданылады).

Випросал В®  жақпамайын қолдану өте оңай  - күніне 1-2 рет қана жұқа қабатпен жағу керек. Ол тез сіңеді, сондықтан ұзақ уақыт күтудің  және киім бүлінеді деп қорқудың қажеті жоқ.  Алғашқы қолданғаннан кейін бір аптадан кейін Випросал В®  «қозғалыстағы» ауырсынуды азайтуға және жүйелік әсер ететін ауырсынуға арналған препараттардың (мысалы, парацетамол және анальгин) дозасын төмендетуге ықпал етуі мүмкін. Бұл емдеу шығындарын және жағымсыз әсерлер қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 

Қарсы көрсетілімдері бар, маманның кеңесін алу қажет.